Тайынша ауданында мал шаруашылығын дамыту жобаларын іске асыру барысы туралы

2021 жылғы қаңтар-маусымда жалпы өнім көлемі 13,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,4%.

2021 жылдың 6 айында мал шаруашылығында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда 8,8% өсіммен 7,4 мың тонна ет, 33,8 мың тонна сүт 3,1% өсіммен өндірілді, 66,5 млн.дана тауық жұмыртқасы немесе 102,1% алынды.

Бүгінгі күні ауданда жалпы саны 10,9 мың бас болатын 7 асыл тұқымды ІҚМ репродуктор-шаруашылықтары жұмыс істейді (сүтті бағыттағы: «Тайынша-Астык» ЖШС, «Зеленые Луга» ЖШС, «Астық-STEM" ЖШС, "Донецкое Нұрлы жол" ЖШС, етті бағыттағы: «Тайынша-Астык» ЖШС, «Вишневское» ЖШС, Племзавод Алабота» ЖШС, «Жакупов» ШҚ), аудандағы асыл тұқымды ІҚМ басының үлесі 22,2% құрайды.

4 шаруашылықтың 5100 басқа арналған бордақылау алаңдары бар: «Тайынша-Астык» ЖШС - 3000 бас, «Вишневское» ЖШС - 1500 бас, «Племзавод Алабота» ЖШС - 500 бас, «Жакупов» ШҚ – 100 бас.

Бүгінде ауданда 7 тауарлы-сүт фермасы сүт өндіреді: «Тайынша-Астык» ЖШС, «Дашка-Николаевка СК» ЖШС, «Донецкое Нұрлы жол» ЖШС, «Новый труд» ЖШС, «Астык-STEM» ЖШС, «АСАР» ЖШС, «Зеленые луга» ЖШС. 2020 жылы ауданның фермалары бойынша 1 жем сиырға орташа сүт шығымы 5475 кг құрады.

Ағымдағы жылы «Қаратомар» ЖШС-нің 3500 басқа арналған ұсақ малдың асыл тұқымды репродукторын құру және 3000 басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда. Жобаның сомасы 100,0 млн.теңге.

Сондай - ақ, жоба құны 150,0 млн.теңге болатын «Шұғыла LTD» ЖШС 3000 басқа арналған қой фермасын құруды жоспарлап отыр.

Қой шаруашылығы бойынша жобаларды қаржыландыру «Солтүстік» ӘКК арқылы Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Ауданда бір мезгілде 25 мың бас шошқа ұстайтын «ЕМС Agro» ЖШС шошқа кешені жұмыс істейді, оның ішінде 14,0 мың бас бордақылауда.

2020 жылы «EMC Genetic» ЖШС таза тұқымды шошқаларды өсіру мақсатында Германия мен РФ-нан 200 бас Ландрас, F1 тұқымды және ірі ақ шошқа әкелінді. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мал басының саны 26487 басты құрайды, оның ішінде мегежін – 1674 бас. Шошқа кешені шошқа етін өндіруді 2019 жылдың мамыр айынан бастады, 2020 жылдың 12 айында 5,1 мың тонна, ағымдағы жылдың 6 айында 2,6 мың тонна шошқа еті өндірілді.

2020 жылғы маусымда айналы ферманың құрылысы басталды, жобаны іске асыру мерзімі 2020 – 2021 жылдар, жобамен шошқа кешенін біржолғы күтіп-бағудың 50 мың басына дейін, шошқаларды бордақылаудың 100 мың басына дейін кеңейту және жылына 10 мың тонна ет өндіру көзделген. 2025 жылға қарай қуаттылықты 200 мың басқа дейін арттыру жоспарлануда.

2017 жылдан бастап «ПТФ Есильская» ЖШС құс фабрикасы жұмыс істейді, құс басының саны 539,3 мың басты құрайды, 2020 жылдың 12 айында 131,2 млн.дана жұмыртқа, 392,9 тонна құс еті өндірілді, ағымдағы жылдың 6 айында 65,3 млн.дана жұмыртқа және 136,8 тонна құс еті алынды. (ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің деректеріне сәйкес).

Индикативті көрсеткіштердің бірі – тұқымды түрлендіру.

Тайынша ауданының аналық мал басының жалпы саны статистика бюросының мәліметтері бойынша 25876 басты құрайды. 2021 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша аналық бастың тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесі аналық бастың жалпы санынан 6,6% немесе 1716 басты құрайды, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 0,83%-ға төмен (орташа облыстық көрсеткіш 7,43%-ды құрады), қатысушы шаруашылықтардың саны 20, пайдаланылатын бұқалардың саны 137 бас, қосымша 39 бас талап етіледі.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

19.07.2021
Қаралым саны: 1809
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz