2020 жылдың қаңтар-наурызында жалпы өнiм шығару көлемi 4,1 млрд.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 118,9% (облыс бойынша ЖIӨ жалпы көлемiндегi ауданның үлес салмағы — 15,4%).
Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына инвестициялар 2020 жылдың 3 айында 5,1 млрд.теңгенi немесе 269,2% құрайды. Облыс бойынша инвестицияның жалпы көлемiнде ауданның үлес салмағы — 26,5%.
2020 жылдың 3 айында 3,7 мың тонна мал мен құс тiрi салмақта союға өткiзiлдi, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiнен 41,1% — ға артық, 31,5 млн. дана жұмыртқа алынды, бұл 10,8%-ға артық, 8,4 мың тонна сүт сауылды, 1%-ға өстi.
2020 жылдың 1 сәуiрiне мал басының саны:
IҚМ — 63,9 мың бас, бұл 4,9%-ға артық, оның iшiнде сиыр 28,2 мың теңге, 2,6%-ға артық;
Қой және ешкi — 45,2 мың бас, бұл 3,6%-ға артық;
Шошқа — 57,7 мың бас, өсiм 38,5%;
Жылқы — 12,8 мың бас өсiм 22,6%;
Құс — 678,6 мың бас, өсiм 3%.
2020 жылға егiс алқаптарының алдын ала құрылымы — 620,4 мың га, оның iшiнде дәндi/бұршақты дақылдар — 377,9 мың га (бидай — 255,5 мың га, арпа — 97,1 мың га, сұлы — 8,8 мың га, қарақұмық — 174 га, бұршақ — 3,0 мың га, жасымық — 9,5 мың га, дәндiк жүгерi — 632 га, масақ қоспасы — 3,1 мың га), майлы дақылдар — 157,7 мың га (рапс — 39,8 мың га, зығыр — 88,3 мың га, күнбағыс — 9,8 мың га, қыша — 99 га, соя — 19,8 мың), мал азығы — 80,1 мың га (бiржылдық шөптер — 19,7 мың га, сүрлемге — 5,7 мың га, 2020 жылғы көпжылдық шөптер — 3,0 мың га, көпжылдық шөптер — 3,0 мыңга өткен жылғы шөптер — 51,7 мың га), картоп — 3,9 мың га, көкөнiс — 700 га.
Ағымдағы жылы 2096 тонна элиталық тұқым сатып алынды. (2020 жылдың өнiмiне 79 164,5 тонна тұқым себiлдi, оның iшiнде дәндi дақылдар — 71 096 тонна, майлы дақылдар — 5996,8 тонна. Талдауға 52 046 тонна дәндi дақылдар (элита — 1 961 тонна), майлы дақылдар — 4093 тонна тапсырылды. Аудан бойынша сорт жаңарту пайызы 7,4% құрайды (есептеу кезiнде элиталық тұқым сатып алу және элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының тұқым өндiрiсi есепке алынды).
Аудан бойынша топырақтың құнарлылығын арттыру үшiн ағымдағы жылы 4990 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды немесе 27% жоспар бойынша 18,7 мың тонна, 4406 тонна төлендi, 3106 тонна тиеп жөнелтiлдi.
Ағымдағы жылдың егiс науқанын өткiзуге барлық егiс алқабының 72% себудi қамтамасыз ететiн 1,4 мың түрлi модификациядағы тракторлар, 960 дәндi сепкiштер, 215 қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысу жоспарлануда.
Ағымдағы күнге техниканың дайындығы 100% құрайды.
2019 жылы 5,2 млрд. теңгеге 205 бiрлiк жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. 2020 жылға арналған жоспар 210 бiрлiк техника мен олардың жабдықтарын құрайды, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы 1,4 млрд. теңгеге 10 бiрлiк жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен 8 бiрлiк жабдық сатып алынды.
2020 жылғы ШҚБ — да дизель отынына қажеттiлiк 9,9 мың литр, автобензин — 1,4 мың литр, мотор майы-443 литрдiқ ұрайды.
Бүгiнгi күнi ауданның аграрларында 8,9 мың литр дизель отыны бар.
Бiздiң аудан бойынша жеңiлдiктi дизель отынының операторлары «Диамант Север» ЖШС, «Авион Норд» ЖШС болып табылады.
Бүгiнгi таңда 73 шаруашылық операторларымен 2964,5 тоннаға шарт жасалды.
Ағымдағы жылдың 14 сәуiрiнен бастап ауыл шаруашылығы кәсiпорындары ылғалдың жабылуына кiрiстi, жоспардағы 620,4 мың га болғанда 115,9 мың га алаңда немесе 18,7% ылғал жабылды.
Қаралым саны: 1737