Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрінің келуі

Ағымдағы жылғы 31 қазанда Тайынша ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бiрiншi вице-министрi Евниев Арман Қайратұлы келдi.

Арман Қайратұлы аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Талғат Әмiржановпен және Солтүстiк Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновпен бiрлесiп бидайды терең қайта өңдеу бойынша «Bio operations» ЖШС мен май өнiмдерiн қайта өндеу бойынша «Тайынша Май» ЖШС зауыттарына барып қайтты.

Кәсiпорындағы iстермен танысу барысында Арман Қайратұлы кәсiпорын ұжымымен және ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен Мемлекет Басшысының Жолдауы бойынша түсiндiру жұмыстарын өткiздi.

31.10.2018
Қаралым саны: 1622
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz