«2020-2021 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнiндегi жоспарды бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаты шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңдарына сәйкес дайындалды.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «2020-2021 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнiндегi жоспарды бекiту туралы» шешiмi жайылымдарды ұтымды пайдалану, мал азығына қажеттiлiктi тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерiн болдырмау мақсатында қабылданады. Жобаны қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Тайынша ауданы әкiмдiгi қаулысының жобасын қабылдау жергiлiктi бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейдi.
Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «2020-2021 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнiндегi жоспарды бекiту туралы» шешiмiнiң жобасы ашық НҚА http://egov.kz порталында талқылау үшiн және «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ http://oshv-tsh.sko.gov.kz/ сайтында орналастырылған.
Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң
ауыл шаруашылығы
бөлiмiнiң басшысы А. Хамзина
Қаралым саны: 1695