Жылжымалы құрамның үй малына соғылуынан кейін мал жаю және әкімшілік жауапкершілік қағидалары туралы

Темір жолда иесіз үй жануарларының пайда болуы, әдетте, ауыр зардаптарға әкеледі және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен жеке меншік иелері тарапынан жалпы қабылданған нормалар мен белгіленген мал жаю ережелеріне немқұрайлылық пен адалдықтың нәтижесі болып табылады. Жануармен соқтығысу теміржолдарда қараусыз жайылып жүрген малдың өліміне ғана емес, сонымен қатар локомотивтің зақымдалуына байланысты қаржылық шығындарға, жолдың тиісті кідірісіне және жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесіндегі ақауларға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, шұғыл тежеу нәтижесінде жолаушылар мен локомотив бригадалары мүшелерінің өздері жарақат алу қаупі бар.

Тайынша ауданының тұрғындарына, шаруа-фермерлік шаруашылықтардың басшыларына мал жаюға рұқсат етілген аумақта мал жаюды және шопанның немесе иелерінің өз қадағалауымен сұраймыз. Темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаюға үзілді-кесілді тыйым салынады, жылжымалы құрамның малға соғылуы салдарынан құқық бұзушылыққа жол берген адамдар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

09.03.2022
Қаралым саны: 1172
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz